06 қараша 2020 16:35

Маркер АҚШ-тағы президент сайлауында жанжалға себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

АҚШ-та сайлау бюллетеньдерін толтыруға арналған маркер туралы қауесет жанжалға себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


АҚШ-та сайлау бюллетеньдерін толтыруға арналған маркер туралы қауесет жанжалға себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде сайлаушыларға бюллетеньді Sharpie маркерімен дауыс беру ұсынылды деген пікірлер пайда болған. Ал бұл маркер бюллетенді оқылмайтын қылып тастайды деген болжамдар айтылған. Кейін осыған байланысты #SharpieGate хештегі пайда болған.

АҚШ-тағы сайлау: Невадада 10 қарашаға дейін бюллетеньдер қабылданады

Желіде видео тараған. Онда әйел сайлау бюллетенін осы маркермен толтырғанын, енді оның бюллетені жарамсыз болатынын айтқан. Видео әлеуметтік желіде тез тарап, 1 миллион қаралым жинап үлгерді.

Әлеуметтік желіде мұндай жарияланымның көп болғаны соншалық, АҚШ-тың киберқауіпсіздік және инфрақұрылымдық қорғау агенттігінің жетекшісі Кристофер Кребс адамдарды бұл хештегті таратпауға шақырды.

Осы пікірге байланысты Аризона штаты Марикопа округінің тіркеушісі Адриан Фонтеске және Трамптың сайлау штабына қосылған Бақылау кеңесіне қарсы сот ісі басталды.

Алайда Аризонаның бас прокуроры Марк Брнович Sharpie маркері дауыс беру санына әсер етпейтінін және проблема туындаса, бюллетеньдердің күшін жоюға жол бермейтін процесс бар екенін атап өтті.

"Қазір біз Sharpie маркерін қолдану арқылы Аризонада дауыс берушілердің сайлау құқығынан айырылмағанына сенімдіміз. Біз қоғамның мәселесін шешу кезінде округтің пікірін бағалаймыз", - деп жазды ол Twitter-дегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп "тарихи рекорд сандармен" жеңіске жеткенін мәлімдеген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети