04 қараша 2019 12:28

McDonald's бас директоры жанжалдан кейін қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стив Истербрук қоластындағы қызметкермен байланысы үшін McDonald's жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің бас директоры және президенті лауазымынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания өкілдеріне слітеме жасап. 

McDonald's директорлар кеңесінің ойынша, қызметкермен қарым-қатынаста болған 52 жастағы Истербрук компания саясатын бұзып, ойлау қабілеті дұрыс еместігін көрсеткен. Истербрук болса мұның қателік болғанын айтты. 

"Компанияның қағидаларын ескере отырып, мен директорлар кеңесінің пікірімен келісемін, маған да алға жылжу уақыты келді", - деді ол.

Стив Истербруктің орынан Крис Кемпински келген, ол жексенбіде директорлар кеңесінің құрамына кірді. Осыған дейін McDonald's жаңа президенті мен бас директоры компанияның АҚШ-тағы бөлімшесін басқарды.

Еске салайық, 1940 жылы құрылған McDonald's америкалық корпорациясы әлемдегі ең ірі жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің бірі. Бүгінде әлемнің 100-ден аса елінде 38 мыңнан аса мейрамханалары бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети