Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Мекке маңында қаза тапқандардың саны 2 мыңға жетті - БАҚ

25 Қыркүйек 2015, 19:38
2
©Reuters
©Reuters

Мекке маңында қаза тапқандардың саны 2 мыңға жетті. Бұл туралы Иранның қажылық сапарды ұйымдастыру ұйымының басшысы Саид Охади Сауд Арабиясындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Press TV телеарнасына хабарлады, - деп жазады РИА Новости.

Сауд Арабиясының келтірген ресми мәліметтеріне сәйкес, адамдардың жаппай қысылуынан 717 адам қаза тауып, кем дегенде 863 адам жарақат алған. Алайда бұл мәліметтер бейсенбі күні күндізгі уақытта айтылды, ал ресми түрде хабарланған мәлімет жоқ. 

Ал өз кезегінде Иранның Жоғарғы лидерінің өкілі Ходжатолеслам Сейед Әли Гази-Аскар Мекке маңында адамдардың қысылуынан Ираннан барған 365 адамның із-түссіз жоғалғанын мәлімдеді. Осыған дейін ол Ираннан барған 131 мұсылманның қаза болғанын хабарлаған еді. Айта кетейік, Иран билігі төтенше жағдайдан қаза болғандарды еске алу үшін төрт күнге қаралы күн жариялады. Сонымен қатар, Иранның бас мүфтиі Әли Хаменей қайғылы оқиғаға Сауд Арабиясының билігінің "салақтығы" мен "қате әрекеттері" себеп болғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Меккеде қажылық кезінде 700-ден аса адам қысылып өлген болатын. Сауд Арабиясының басшысы болған оқиғаны мұқият тергеуді тапсырды. Ел билігі осы іс бойынша арнайы комиссия құрды. Құтқару операциялары әлі де жалғасып жатыр. Жақын маңда орналасқан аууханалардың дәрігерлері зардап шегушілер санының өсуінен үлгермей жатқандарын айтты. Ел билігі ауруханаларда орын босату үшін емделушілерді тікұшақ арқылы эвакуациялап жатыр.

Қайғылы оқиғаның кезек сақтамағандықтан болғаны анықталды. Сауд Арабия билігі қажылыққа барғандарға салтты орындау үшін топ-тобымен баруды реттейтін арнайы кесте алдын ала таратыпты. "Қайғылы оқиға африкалықтардың кезекті сақтамауынан және салтты орындауға өз уақытында бармауынан болды", - деп хабарлаған куәгерлер.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай