21 қыркүйек 2017 14:42

Мексикада болған жойқын зілзала: Цукерберг 1 миллион доллар аударатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook Мексикада болған жойқын зілзаладан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөледі, - деп хабарлайды РИА Новости.


Facebook Мексикада болған жойқын зілзаладан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөледі, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Facebook төтенше жағдайдан зардап шеккендерге қолдау білдіру үшін көмек ретінде 1 миллион доллар бөледі", - деп жазды Цукерберг әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол Facebook желісінің UNICEF қорымен бірге жұмыс істейтінін және әлеуметтік желілерден түсіп жатқан қаражаттан комиссияның алынбағанын айтып өтті.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мексикада болған зілзаладан шамамен 230 адам қаза болды.

Еске салайық, 19 қыркүйекте Мексикада магнитудасы 7,1 балл жер сілкінісі болған. Зілзаланың жер ошағы Пуэюда-де-Сарагоса қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 шақырымда және Тепеохума елді мекенінен сегіз шақырымда тіркелген. Жойқын сілкіністі Мехико тұрғындары да сезген.  

Мехиконың азаматтық қорғаныс министрі Фаусто Луго жер сілкінісінен кейін қираған және өртенген үйлер жайлы хабарлады, қиранды астында адамдар қалып қойған. Көптеген ауданда жол қозғалысы шектелген, ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Мехиконың Бенито Хуарес атындағы халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты. Төрт миллионға жуық тұтынушы жарықсыз қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети