13 сәуір 2017 08:46

Мексикада қаланың үстінен ұшып жүрген ұшақтан үш адамды лақтырып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикада Эльдорадо қаласының үстінен ұшып жүрген ұшақтан үш адамды лақтырып жіберді. Куәгерлердің айтуынша, ұшақтан құлағандардың бірі қалалық аурухананың шатырына түскен, - деп хабарлайды L!FE.


Мексикада Эльдорадо қаласының үстінен ұшып жүрген ұшақтан үш адамды лақтырып жіберді. Куәгерлердің айтуынша, ұшақтан құлағандардың бірі қалалық аурухананың шатырына түскен, - деп хабарлайды L!FE.

Медициналық орталықтың жанында болған куәгерлер ұшақтың өте төмен ұшқанын мәлімдеген. Жергілікті денсаулық сақтау департаментінде жұмыс істейтін шенеунік ер адам құлаған кезде тірі болуы мүмкін екенін айтады. 

Қалған екі адамның денесін полицейлер қала сыртынан тапқан, - деп хабарлайды Reuters. Агенттіктің мәліметінше, полиция бұл есірткі картелімен айналысатындардың ісі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети