16 қараша 2021 11:43

Мигранттар Беларусь пен Польша арасындағы шекара өткелін жауып тастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Мигранттар лагерьден шығып, елге өтпек ниетпен Беларусь пен Польша арасындағы шекара өткелін жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.


Мигранттар лагерьден шығып, елге өтпек ниетпен Беларусь пен Польша арасындағы шекара өткелін жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

 Поляк полициясының айтуынша, 3,5 мың адамнан тұратын Таяу Шығыстан келген мигранттардың үлкен тобы Беларусь пен Польша шекарасындағы уақытша лагерьден шығып, "Брузги-Кузница" автожолы шекарасына баруға тырысқан. 

Польша Қорғаныс министрлігі мигранттарды шекара маңындағы лагерьден шекара өткеліне дейін Беларусь шекарашылары алып жүргенін хабарлады.

Шекара өткелінде мигранттар шекараның Беларусь жағындағы қоршауын бұзды, бірақ поляк әскерилері мен шекарашылары Польшаға кіретін жолды жауып тастады.

Артынша мигранттар шекара бекетінде шатыр тіге бастады деген ақпарат тарады.

Ішкі істер министрі Мариуш Каминский Польшаның Беларусь шекарасында тұрақты қабырға құрылысын желтоқсан айында бастауға ниетті екенін айтты.

Еске салайық, Гродно маңындағы шекара өткелінде экспромттық лагерь өткен аптада шекараға мигранттардың үлкен тобы келгеннен кейін пайда болған. Олардың кейбіреулері күшпен Польшаға өтуге тырысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети