21 тамыз 2020 09:53

Михаил Ефремов сотта шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Ефремов және қорғаушысы Эльман Пашаев. Фото: РИА Новости © Михаил Ефремов және қорғаушысы Эльман Пашаев. Фото: РИА Новости ©

Ресейлік актер Михаил Ефремов Мәскеудегі Пресненск сотының отырысында шу шығарды, - деп хабарлайды "Комсомольская правда".


Ресейлік актер Михаил Ефремов Мәскеудегі Пресненск сотының отырысында шу шығарды, - деп хабарлайды "Комсомольская правда".

Отырыс кезінде судья қорғаушы тараптың куәгері Александр Кобецтен жауап алды. Александр Кобец - жол апаты болған жерге бірінші болып келген куәгер, ол Ефремовтің көлігін басқа адам тізгіндегенін айтқан.

Зардап шеккен тараптың қорғаушылары куәгерге сұрақ қойып жатқанда актер өзін ұстай алмай қалды. Ол адвокаттың сөзіне ашуланды.

"Жоқ-жоқ-жоқ, былай Скабеев айтып жатыр, адвокат емес", - деді Ефремов.

Кейін актер өзінің адвокаты Эльман Пашаевты қорғады. Зардап шеккен тараптың адвокаты Анна Бутырина оны сот залынан шығаруды өтінді.

"Ол куәгерден жауап алуға кедергі жасайды", - деп түсіндірді сөзін заңгер.

Ефремов: Ештеңе есімде болмаса, кінәмді қалай мойындаймын?

Ефремов сол кезде тағы сөзге араласты.

"Үшеумізді де шығаруды сұраймын", - деді ол.

Сондай-ақ, Ефремов куәгерге қойылған сұрақтардың бәріне ашуланды. Салдарынан судья оны залдан шығара жаздады.

"Беларусь оппозициясы!" - деді ол Бутыринаның әр сөзінен кейін.

20 тамызда Мәскеудегі сотта адам өліміне әкеп соққан жол апатына күдікті Михаил Ефремовке қатысты іс қаралды. Отырыста қорғаушы тараптың куәгерлері тыңдалды. Олардың бірі - Александр Кобец. Ол апат болған кезде актер рульде болмағанын айтқан. "Ол (Михаил Ефремов - еск.) 100 пайыз жолаушының орнында отырды", - деген болатын. Кейін нақтылау сұрақтары қойылғанда Александр Кобец бір көзінің көрмейтінін және оқиғаның алдында алкоголь ішкенін мойындады. Нәтижесінде судья жазбаша дәлелдерді қабылдаудан бас тартты.

Еске салайық, 8 маусымда Мәскеу орталығында ресейлік актер Михаил Ефремов жол апатына ұшырап, ол соққан көліктің жүргізуші қаза болғаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети