14 наурыз 2023 11:50

Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: president.uz Фото: president.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты. Видеоны Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты. Видеоны Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір заман қиын, алып елдер: "Өзбекстан, сен қай жақтасың? Бейтарап болуды доғар, ана жаққа не мына жаққа өт". Өздері де, өкілдері де: "Бізге Орталық Азиядағы Өзбекстан керек. Халық саны 36 миллионға жетті, үш-төрт жылдан кейін 40 миллионға жетеді". Олар: "Қай жақты қолдайсың" деп сұрайды. Мұндай қиын сұраққа қалай жауап беруге болады", - деп сұрады Мирзиёев.

"Жауап біреу ғана - мен бір жақтамын, ұлтым, халқым, Ұлы Өзбекстан мүддесі үшін жан тапсыруға дайынмын", - деді Өзбекстан президенті.

Мирзиеев Өзбекстаннан қай елдер таңдау жасауын сұрағанын нақтылаған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети