23 қыркүйек 2021 09:03

ММА файтері сарбаздарды сабағанын көрсетіп мақтанған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © instagram.com/grekov_wdfm Фото: © instagram.com/grekov_wdfm

Ресейде ММА файтері Асхат Магомедов әскерге барғандарды ұрып-соққан видеосын Instagram желісінде жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН ТВ телеарнасына сілтеме жасап.


Ресейде ММА файтері Асхат Магомедов әскерге барғандарды ұрып-соққан видеосын Instagram желісінде жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН ТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Видеолардың бірінде ол кәсіби қолғап киіп, сарбазды жерге жатқызып алып ұрып жатқанын байқауға болады. Бұл оқиға телефон камерасына түсірілген.

Instagram желісіндегі парақшасына қарағанда, ММА файтері 2019 жылдың қарашасы мен 2020 жылдың қарашасы аралығында әскерде борышын өтеген. Осы уақытта Магомедов көлік салонында рэп тыңдап отырып, калибрі 5,45 мм АК-74 қаруын көрсеткен. Тағы бір жариялаған видеосында ол әскери форма киіп, тапаншамен әуеге оқ атады.

Алайда телеарна ер адам жазалануы мүмкін бе деген сұраққа жауап іздемеген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети