04 ақпан 2015 10:56

Мұхтар Әблязов Мәскеу қалалық сотына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский

БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов оның Ресейдегі мүлкіне тыйым салынуына байланысты Мәскеу қалалық сотына шағымданды, - деп хабарлайды "РАПСИ" соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов оның Ресейдегі мүлкіне тыйым салынуына байланысты Мәскеу қалалық сотына шағымданды, - деп хабарлайды "РАПСИ" соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәскеудің Тверь сотының мүлікке тыйым салу туралы шешіміне қатысты арыз келіп түсті. Ол 9 ақпан күні қаралады", - деді агенттікке соттағылар. Алайда әңгімелесуші мәселе дәл қандай мүлікке қатысты екенін нақтылаған жоқ.

Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияда ұсталып әлі күнге дейін тұтқында отыр. Ол 2015 жылы Ресейге ауыстырылады деген мәлімет бар, себебі Францияның соты Ресейдің бас прокуратурасының Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы өтінішін қолдаған болатын. Бұрынғы банкир алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау мен лауазымен асыра пайдаланды деп айыпталды. 

Сонымен қатар, Қазақстан Мұхтар Әблязовті 6 миллиард доллардан аса сомаға қаржылық алаяқтық жасады деп айыптады. Қылмыстық іс 2009 жылы қозғалды. Осыдан кейін бұрынғы банкир елден қашып, ұзақ уақыт бойы Ұлыбританияда тұрды. Біраз уақыттан кейін Мұхтар Әблязов Лондоннан кетті. БТА банктен ақша жымқырғандардың ісі бойынша Мәскеуде бірнеше адамға қазірдің өзінде жазаның кесілгені бұған дейін хабарланған болатын. Айта кетейік, Қазақстанда Әблязов 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети