06 қыркүйек 2017 11:34

Мьянма билігі босқындар орала алмауы үшін Бангладешпен шекаралас аймаққа мина қойып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dknews.kz © dknews.kz

Мьянма билігі Бангладешпен шекараға мина қойып жатыр. Бұл босып кеткен рохинджа халқының қайтып оралмауы үшін істеліп отырған болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап. 


Мьянма билігі Бангладешпен шекараға мина қойып жатыр. Бұл босып кеткен рохинджа халқының қайтып оралмауы үшін істеліп отырған болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап. 

Бангладеш билігіндегі мәлімет көздерінің айтуынша, мина қою осымен үшінші күн жүріп жатыр. Жарылғыш заттар сым тартылған қоршаулар бойымен қойылып жатыр. 

"Біздің әскерилер жерге белгісіз зат көміп жүрген топты байқады. Кейін ақпарат берушілер оның жарылғыш заттар екенін растады", - дейді мәлімет беруші. 

Бангладеш шекарашысы Манзурул Хассан Хан сейсенбіде Мьянма аумағында екі жарылыс болып, екі баланың зардап шеккенін мәлімдеген еді. Бүгін Бангладеш шекара маңына мина қоюға ресми қарсылығын білдірмек. 

Мьянманың Ракхайн штатында ел әскері рохинджа халқының өкілдерінен тұратын "содырларға" қарсы операция өткізіп жатыр. Мьянма билігі бұл халықты этникалық бенгалдар ретінде санайтындықтан, азаматтық бермей келеді. 

Мұның алдында Мьянма билігі әскерилер мен содырлар қақтығысынан 400 адам мерт болғанын: оның ішінде 370 содырдың көзі жойылып, мьянмалық 15 әскеридің қаза болғанын және "содырлардың" 14 бейбіт тұрғынды өлтіргенін мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети