Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мысыр президенті ресейлік А321 апатын теракт деп таныды

24 Ақпан 2016, 22:58
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси Синай түбегінде апатқа ұшыраған ресейлік А321 құлау себебін теракт деп таныды. Бұл туралы ол елдің 2030 жылға дейінгі дамуына арналған баяндаманың таныстырылымында мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Терроризмге қарсы іс-қимыл аяқталды ма? Жоқ, әлі аяқталмады. Ұшақты құлатқандар туризмге соққы жасауды ойлады ма? Жоқ, байланыстарға соққы жасағысы келді. Ресеймен байланысқа", - деп келтіреді Мысыр президентінің сөзін AFP. 

Айта кетейік, осыған дейін Мысыр билігі әуе апатын тергеп жатқан комиссияның қорытынды баяндамасын күтуге ниетті екенін мәлімдеген еді, ал әзірше олар оқиғаның барлық нұсқасын қарастырып жатты. 

2015 жылдың желтоқсанында А321 апатын тергеу жөніндегі комиссия баяндаманы жария еткен еді, онда Мысырдың жолаушылар лайнерінің апатқа ұшырау себебі теракт болды деуге дәлелдің таппағанын хабарлаған.

Еске салайық, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында болған. "Когалымавиа" әуе компаниясының Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербургке ұшып бара жатып, құлаған Airbus-A321 ұшағының бортында экипаждың жеті мүшесі мен 217 жолаушы болған. Олардың барлығы қаза тапты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай