04 қыркүйек 2020 09:52

НАТО Навальныйдың ісі бойынша жоспардан тыс отырыс өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS/Ints Kalnins© Фото: REUTERS/Ints Kalnins©

4 қыркүйекте ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың "Новичкоммен" улануына қатысты НАТО-да жоспардан тыс отырыс өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.


4 қыркүйекте ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың "Новичкоммен" улануына қатысты НАТО-да жоспардан тыс отырыс өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Отырыста ұйымның бас хатшысы Альянс Йенс Столтенберг бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасап, Ресей билігін қылмысты мұқият тергеуге шақырады.

"Сонымен қатар НАТО-ның белгілі бір мәселелерге қатысты (Ресейге қарсы санкциялар енгізуі мүмкін - еск.) пікір білдіруі ықтимал. Өйткені осы уақытқа дейін улану ісіне қатысты кінәлілердің ешқайсына айып тағылғамаған", - дейді dpa ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, 2018 жылы ұқсас жағдай болған еді. Ұлыбританиялық Солсбериде бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия "Новичок" уымен уланған болатын. 

Сонымен қатар, НАТО жанындағы Ресей миссиясының қызметкерлерінің санын 30-дан 20 адамға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети