Навальный Путиннің жауабы туралы пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

"Матросская тишина" тергеу изоляторында отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қордың басшысы Алексей Навальный Владимир Путиннің жауабына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Матросская тишина" тергеу изоляторында отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қордың басшысы Алексей Навальный Владимир Путиннің жауабына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 25 қаңтарда Путин "Дворец для Путина. История самой большой взятки" сенсациялық ролигіне қатысты өз жауабын айтты. Видео 19 қаңтарда желіге таралып, қазіргі уақытта 93 миллион қаралым жинады.

"Менің меншігім ретінде көрсетілген нысандардың ешқайсы маған да, жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған", - деген еді Ресей басшысы онлайн-кездесу барысында студенттің сұрағына жауап беріп.

Келесі күні Навальный сайтында Путиннің жауабына қатысты көлемді мақала шықты.

"Оның қалай жұмыс істейтінін қараңыз. Біз видео зерттеу жарияладық, оны бір апта ішінде 90 миллионнан астам адам көрді. Ал Путин қанша айналып, қашқақтағанымен жауап беруге мәжбүр болды. Енді жиі осылай жасайық", - деді Навальный.

"Президент жауабының бір аптаға кешігуінің тек бір себебі бар. Ол Президенттің әкімшілігі барлық күш-жігері Путиннің халыққа қаншалықты жақын екенін көрсе алатын резиденциядағы ең қарапайым бөлмені іздеуге кетті деп болжайық.

Рязань облысындағы кішкентай қарапайым коттедж. Путин халықтың осы қарапайым үйді көргенін қалайды. Алтын, үш бөлмелі пәтердің бағасына тең жиһазды көрмегендей болып отыр. Бірақ қазір оның өмір сүріп жатқан үйі қандай екенін білеміз", - дейді саясаткер.

"Жалпы, ол зерттеуге мардымды жауап қайтармады. Путин бір фактіні де жоққа шығарған жоқ", - деп қорытындылады Навальный.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.19  course up  596.34  course up  6.38  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer