Назарбаев Швеция короліне көңіл айтты

08 Сәуір 2017, 13:50
11
Назарбаев Швеция короліне көңіл айтты - Tengrinews.kz
Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Швеция Королі XVI Карл Густавқа Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Стокгольмдегі террорлық акт салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Біз Швеция халқы мен үкіметінің халықаралық терроризмге қарсы тұру ниетін қолдаймыз. Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Стокгольм қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған Дроттнинггатан көшесінде жүк көлігі бір топ адамды қағып, үшеуін мерт қылды, тағы сегіз адам жарақат алған болатын.  Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден қаза тапқандардың саны төртке жетіп, он екі адам жарақат алған.

Бұл туралы Швеция радиосы оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап хабарлаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (11)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай