05 маусым 2014 21:35

Назарбаев тақтан бас тартқан Испания королінің шешімін батылдық деп бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испания королі Хуан Карлос I. Фото © РИА Новости  Испания королі Хуан Карлос I. Фото © РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания королі Хуан Карлос I-дің тақтан бас тартқан шешімін батылдыққа балады. Ол корольге жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания королі Хуан Карлос I-дің тақтан бас тартқан шешімін батылдыққа балады. Ол корольге жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Елбасы Испания королі Хуан Карлос I-дің тақтан бас тартып, оны мұрагеріне тапсырып, оған жан-жақты көмектесуге дайын екенін білдірген шешімін батылдыққа балады" - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Хуан Карлос I тақта отырған кезеңде екі ел арасында қалыптасқан тығыз қарым-қатынастар мен стратегиялық әріптестік дәстүрінің одан әрі жалғасатынына сеніммен қарайтынын жеткізді. Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев король Хуан Карлос I-ге денсаулық, Испания халқына бақ-береке мен молшылық тіледі.

Испания королі Хуан Карлос I де Бурбон 2 маусымда тақты өзінің ұлына, яғни мұрагері ханзада Филиппке тапсырғанын мәлімдеді. "Мен өзімнің патшалығымды аяқтаймын және испандық тәжден бас тартамын. Бұл өткеннің қателіктерін түзеу және жою үшін қажет. Менің бұл қалауым жаңаруға және жарқын болашаққа бастайды" - дейді монарх.

Тақтан бас тартудың себептері ресми түрде айтылған жоқ. Жергілікті БАҚ-тар тақтан бас тартудың негізгі себебінің бірі корольдің денсаулығы дейді. Хуан Карлос 76 жаста. Ол таққа 1975 жылы отырған. Десе де сарайдағы базбір дерек көздері корольдің тақтан кетуінің саяси себептері бар екенін айтады. Сондай-ақ король мен оның әйелінің сыбайлас жемқорлыққа байланысты жанжалға қатысы болғанын айтады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети