06 мамыр 2021 17:04

Нидерландыда балаларға туу туралы куәлікте жынысын өзгертуге рұқсат беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нидерланды билігі туу туралы куәлікте көрсетілген жынысты өзгерту рәсімін жеңілдетті: енді тіпті 16 жасқа дейінгі балалар да жынысын өзгерте алады. Ол үшін дәрігердің немесе психолог маманның пікірі қажет емес, - деп хабарлайды РИА Новости.


Нидерланды билігі туу туралы куәлікте көрсетілген жынысты өзгерту рәсімін жеңілдетті: енді тіпті 16 жасқа дейінгі балалар да жынысын өзгерте алады. Ол үшін дәрігердің немесе психолог маманның пікірі қажет емес, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Гендерлік сәйкестігі туған кезінде анықталған жынысына сәйкес келмейтін адамдар белгілі бір жағдайларда туу туралы куәлігінде көрсетілген жынысын өзгерте алады. Бұл шарттар 2014 жылы трансгендер туралы Заң қабалданған кезде қарастырылған, енді рәсім тағы да жеңілдетілді", - делінген Үкімет хабарламасында.

Министрлер кабинеті ақпаратына сүйенсек, осы аптада құқық қорғау министрі Сандер Деккер төменгі палатаға заңнамалық түзетуді ұсынған. Онда жас шектеулері және сараптамалық қорытынды алу қажеттілігі туралы шарттар жойылған.

"Ең алдымен, сарапшы қорытындысы алып тасталады. Оған дәрігер немесе психолог маманның адам қарама-қарсы жынысқа жататынына сенімді екендігі көрсетілген құжат кіреді. Медициналық қызмет көрсетушілерінің айтуынша, мұны анықтау мүмкін емес, ал қауымдастықтар, соның ішінде голландиялық жыныстық әртүрлілік ұйымы бұл жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау құқығын бұзу деп санайды", - деді Голландия үкіметі.

Оның орнына, рәсім екі кезеңге бөлінеді: жынысты өзгерту ниеті туралы жазбаша мәлімдеме өткізу және төрт - он екі апта ішінде оны растау.

Жас шектеулерін алып тастау 16 жасқа толмаған балалар да жынысын өзгерте алатындығын білдіреді. Ол үшін сотқа жүгіну жеткілікті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети