18 сәуір 2020 10:51

Нигерия президенті әкімшілігінің басшысы COVID-19-дан көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алихан Сариев Сурет: Алихан Сариев

Нигерия президенті әкімшілігінің басшысы Маллам Абба Киари коронавирустан көз жұмды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Гарба Шеху Twitter-де хабарлады.


Нигерия президенті әкімшілігінің басшысы Маллам Абба Киари коронавирустан көз жұмды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Гарба Шеху Twitter-де хабарлады.

"Президент әкімшілігі президент әкімшілігінің басшысы Маллам Абба Киаридің өмірден озғаны туралы өкінішпен хабарлайды. Оның COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсетіп, ем қабылдап жатқан. Бірақ ол жұма күні, 17 сәуірде қайтыс болды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Twitter-дегі парақшасында.

Соңғы мәліметтер бойынша, Нигерияда коронавирус жұқтырғандардың саны 493-ке жетті. 17 адам қайтыс болды. Әлемде барлығы 2 243 512 адам коронавируспен тіркелген.

Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша, 1591 жағдай бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети