25 желтоқсан 2020 09:28

Нигерияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters © Фото: Reuters ©

Нигерияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Бұл туралы Африкалық кеңес жанындағы Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығындағылар (CDC) мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Нигерияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Бұл туралы Африкалық кеңес жанындағы Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығындағылар (CDC) мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Біз Нигерияда анықтаған жағдай әзірше деректердің шектеулі көлеміне негізделіп отыр - оның 501 деген мутациясы бар. Бұл Ұлыбритания мен ОАР-дағыдай емес, басқа штамм сияқты. Бірақ бұл екі немесе үш генетикалық қорытындыға негізделгенін қайталап айтамын. Біз Нигерияда оны кеңінен зерттеуіміз керек", - деді Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Джон Нкенгасонг ұйымның Twitter желісінде жүргізген онлайн-брифингінде.

Бұл жағдайдың зерттелуімен танысқан Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, коронавирустың жаңа түрі Осун штатында 3 тамызда және 9 қазанда жиналған екі науқасты зерттеу кезінде анықталған. Коронавирустың бұл түрі Ұлыбританияда анықталғандай тез таралатынына дәлел жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа штамы анықталғаны хабарланған болатын.

Бұған дейін ОАР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың генетиктер 501.V2 деп атаған жаңа түрін анықтағанын жариялаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети