15 шілде 2016 12:11

Ниццадағы лаңкестіктен қаза тапқандар саны 84-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo/Claude Paris © AP Photo/Claude Paris

Ниццадағы террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жетті, - деп хабарлайды AFP Францияның ішкі істер министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Ниццадағы террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жетті, - деп хабарлайды AFP Францияның ішкі істер министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Франциялық БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, ауруханада 18 адам ауыр халде жатыр.

Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. Кейін ҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда бірнеше сағат өткен соң Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болғандығы хабарланды. Сонымен қатар, терактінің суреттері мен видеолары пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети