13 мамыр 2021 10:07

Норвегия AstraZeneca вакцинасын қолданудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Норвегия AstraZeneca компаниясы препаратын СOVID-19-ға қарсы халықты вакциналау бағдарламасынан толық алып тастады, - деп хабарлайды Reuters.


Норвегия AstraZeneca компаниясы препаратын СOVID-19-ға қарсы халықты вакциналау бағдарламасынан толық алып тастады, - деп хабарлайды Reuters.

Вакцинаны қолдану оның жанама әсерлері болуы мүмкін деген күдікпен тоқтатылған. Вакцина алған адамдардың біразы, тромбоз жағдайларына байланысты ауруханаға жатқызылып, кейінірек қайтыс болған.

Препараттың қалған дозасы басқа елдерге берілуі мүмкін.

Сондай-ақ, Үкімет америкалық Johnson & Johnson (J&J) компаниясының Janssen препаратын пайдалануды тоқтата тұруды қолдаған. Бірақ оны препаратты өз еркімен алғысы келетіндерге ұсынады.

Елдің премьер-министрі Эрна Сульберг Janssen препаратына қатысты жеке шешім қабылданатынын түсіндірді. Өйткені Үкімет коронавирус өршіген жағдайда оны резервте ұстауды жоспарлап отыр.

Қазір Норвегия халқын вакциналау үшін Pfizer/BioNTech компаниясының препараты қолданылады. Мамырдың ортасында елде 1,1 миллионнан аса адам екпе салдырған.

Айта кетейік, Дания AstraZeneca вакцинасынан толық бас тартқан алғашқы ел. Наурызда Еуропаның бірнеше елі вакцинациядан кейін тромбоздың жиілеп кетуіне байланысты препаратты қолдануды тоқтатты. Содан кейін вакцинация Германия, Италия, Латвия, Исландия, Франция, Испания, Индонезия, Словения және басқа да бірқатар елде тоқтатылды. Алайда кейінірек елдерде вакцинация ЕМА және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымы бойынша қайта басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети