Нью-Йорк полицейлері қазақстандық қызды ұстады - БАҚ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Махаббат Әбдуалиева. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет Махаббат Әбдуалиева. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Нью-Йорк полицейлері қазақстандық 24 жастағы Махаббат Әбдуалиеваны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі америкалық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нью-Йорк полицейлері қазақстандық 24 жастағы Махаббат Әбдуалиеваны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі америкалық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Жергілікті CBS NewYork телеарнасының мәліметінше, 24 қаңтарда полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы Махаббат Әбдуалиеваны ұстаған. Қазақстандық қыздың адамдарға өзін жылжымайтын мүлік жөніндегі агент ретінде таныстырып, 2018 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында бірнеше адамды тонағаны айтылады. Ол Facebook желісінде пәтерлер жайлы хабарламалар жариялап, өзін риелтормін деп алдап жүрген.

Басылымның мәліметінше, тағы бір ер адам мүлікті жалға беріп, алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бірақ ол әлі бостандықта.


© CBS2 телеарнасы

USA.one мәліметінше, мұндай алаяқтық жағдайы бірінші рет 2018 жылдың 30 сәуірінде болған. Алаяқ қыздың жалдамалы пәтер жайлы жарияланған хабарламасын көрген 22 жастағы қыз оған хабарласқан. Ол өзін риелтор таныстырған адамға кепіл ретінде 500 доллар қалдырып кеткен. Сол күні "мүлік жөніндегі агент" ол пәтерді басқа бір әйелге жалға беріп жіберіп, одан тағы 200 доллар алған.

Бірнеше айдан кейін осындай жағдай Мидвудте қайталанған. Онда 25 жастағы қыз алаяққа кепіл ретінде 700 доллар қалдырған.

Кейінірек әлеуметтік желілерде қыздың паспорты түсірілген суреттер таралды. Онда Махаббат Әбдуалиеваның Қазақстан азаматшасы екені көрсетілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro