04 тамыз 2021 09:11

Нью-Йоркте вакцина салдырмағандарға мейрамхана, спортзал және театрға кіру шектелді

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Нью-Йоркте коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандарға шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды CNN.


Нью-Йоркте коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандарға шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды CNN.

Қала мэрі Билл де Блазио енді мейрамхана, фитнес рталықтар мен жабық көңіл көтеру орындарына кіру үшін вакцинация анықтамасы қажет екенін айтты. 

"Егер вакцина салдырмаған болсаңыз, өкінішке қарай, көптеген шараға қатыса алмайсыз. Қоғам өміріне толыққанды араласқыңыз келсе, екпе салдыруыңыз керек", - деді Де Блазио. 

Портал мәліметінше, көптеген мекеме қызметкерлерінің вакцина салдыруы бойынша талап қоя бастаған. Ал кей жерлерде бұл талап клиенттерге де қолданылады. Бродвей театрлары келушілерден де, қызметкерлерден де вакцинация анықтамасын сұрайды, бұл талап кем дегенде қазан айына дейін сақталады. 

Нью-Йоркте тұрғындардың 50 пайызы вакцина салдырған. Вакцина салдыру көрсеткіші әр ауданда әртүрлі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети