1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Нью-Йорктегі қазақ полицей АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді

Фото: Instagram @dimash.niyazov Фото: Instagram @dimash.niyazov

Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов АҚШ-та болып жатқан тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Наразылық шарасына қатысып жатқан бейбіт тұрғындар мен қаскөй бүлікшілер арасында үлкен айырмашылық бар. Мен полицияның зұлымдығына қарсы шығып жатқандарды қолдаймын, себебі мен де олардың мұндай әрекетіне қарсымын. Өзінің өкілеттігін пайдалана отырып, халықты өлтіріп жатқан полицейлерді ақтамаймын. Олар ондай форма мен белгі тағып жүруге лайық емес. Бұл естен адасу, мұны тоқтату керек. Бізге өзгеріс керек. Бізге бейбітшілік мен бірлік керек", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash⚡️Niyazov (@dimash.niyazov)

46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті АҚШ тұрғындарының ашуын тудырған болатын. Бейбіт басталған ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Қайғылы оқиға 25 мамырда Миннесота штаты Миннеаполис қаласында болған еді.

"Полицейдің танысы болып шықты". АҚШ-ты дүрліктірген істің мән-жайы анықталды

Қайтыс болған 46 жастағы Джордж Флойд есімді афроамерикалық ер адам. Ресми мәлімет бойынша, мейрамханада күзетші болыпты жұмыс істеген Флойд сол күні дүкеннен темекі сатып алып шыққан. Алайда ол жалған ақшамен төлеген көрінеді. Оқиға орнына келген полицейлердің мәліметінше, Флойд көлікте отырған. Офицерлер оған көліктен шығуды талап еткенде ол қарсылық көрсеткен.

Миннеаполис полициясының мәліметінше, офицерлер күдіктінің қолына кісен салған. Алайда олар жігіттің денсаулығында ақауы бар екенін байқап, жедел жәрдем қызметін шақырған. Дәрігерлер оның кеуде қуысына массаж жасап, басқа да құтқару шарасын жүргізген. Сөйтіп Флойд Хеннепиндегі медициналық орталыққа жеткізілген. Ол сол ауруханада жан тапсырған

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!