22 маусым 2021 09:18

ОАР-да бірден 10 бала босанғанын айтқан әйел жындыханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОАР-да бірден он баланы дүниеге әкелген Госиама Ситоле жындыханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Daily Mail


ОАР-да бірден он баланы дүниеге әкелген Госиама Ситоле жындыханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Daily Mail

Әйел адамның күйеуі Ситоле 8 маусымда он баланы дүниеге әкелгенін мәлімдегеннен кейін байланысқа шықпай, жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған. 

Республикадағы заңға сәйкес, адамның психикалық денсаулығына сараптама жасау үшін оны тек 72 сағатқа ұстап отыруға болады. Полицейлер әйел адамды ұстап, артынша оны құзырлы органдарға тапсырған. Сараптама бойынша, әйел адам кейінгі бір жылда жүкті болмағанын анықтаған.  

Ситоленің күйеуі аурухана да бұл деректі растай алмай отырғанын айтады. Аурухана өкілдері әйел адамға ешқандай медициналық қызмет көрсетілмегенін айтады. Денсаулық сақтау министрлігі де маусымда он баланы өмірге әкелу дерегі тіркелмегенін хабарлаған. 

Бүгінде Ситоле Йоханнесбургтегі ауруханаға жатқызылды, ол медицина қызметкерлерінің бақылауында. Оның адвокаты Рефило Макоенның сөзінше, Ситолені медициналық мекемеде еркінен тыс ұстап отыр, енді олар сотқа жүгінбек. 

Еске салайық, 9 маусымда ОАР-да әйел бірден он бала дүниеге әкеліп, рекорд орнатқаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети