Одессада бүлік ұйымдастырды деген күдікпен депутат ұсталды

08 Мамыр 2014, 19:41
0
Одессада бүлік ұйымдастырды деген күдікпен депутат ұсталды - Одесса. ©РИА Новости
Одесса. ©РИА Новости

Украинаның құқық қорғау органдары Одесса қалалық кеңесінің депутаты Сергей Бовбаланды 2 мамыр күнгі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости Украина ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Ұсталған - Одесса қалалық кеңесінің депутаты Сергей Бовбалан. Ол экстремизм, атап айтқанда, жаппай тәртіпсіздік пен әкімшілік ғимараттарды басып алуды ұйымдастырғаны үшін айыпталып отыр", - делінген хабарламада.

2 мамыр күні "Правый сектор" экстремистері өртеген Одессадағы Кәсіподақтар үйі ғимаратында Антимайданның ондаған белсендісі қайтыс болған еді. Украина ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 46 адам қайтыс болып, 214 адам зардап шеккен.

Одесса облыстық кеңесінің депутаты Вадим Савенко Киев билігі Кәсіподақтар үйінде қаза тапқандардың нақты санын жасырып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 116 адам қаза болып, 48 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Осы оқиғадан кейін Украина билігі жаппай тәртіпсіздікке жол бергені үшін Одесса милициясының барлық жетекшісін қызметтен кетірді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай