03 мамыр 2022 08:58

Олег Тиньков: "Тинькофф банктегі" үлесімді көк тиынға сатуға мәжбүрледі

Олег Тиньков. Фото: ©РИА Новости. Олег Тиньков. Фото: ©РИА Новости.

Ресейлік кәсіпкер Олег Тиньков ресейлік биліктің Украинадағы әрекеті туралы ойын ашық айтқаннан кейін алғаш рет New York Times газетіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік кәсіпкер Олег Тиньков ресейлік биліктің Украинадағы әрекеті туралы ойын ашық айтқаннан кейін алғаш рет New York Times газетіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-банкир "Тинькофф" банкіндегі үлесті сату туралы шешімді ол қысым жасалғандықтан қабылдағанын айтады. Ол үшін бәрі аз ғана уақытта шешілген. Нәтижесінде Олег Тиньковтің отбасынан TCS Group Holding-тің 35 акциясын Владимир Потаниннің "Интеррос" компаниясы сатып алған. 

"Мен бағасын талқылай алмадым. Тұтқынның жағдайында болдым - саған ұсынған нәрсені қарсыласпай аласың", - дейді экс-банкир. 

Тиньковтің сөзінше, өз үлесінің нарықтық құнының 3 пайызын ғана алған: "Олар менің мәлімдемелеріме байланысты оны сатуға мәжбүрледі. Көк тиынға саттым", - дейді ол. 

Сонымен қатар, экс-банкир ресейлік арнайы қызметтегі достары Тиньковтің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқандықтан оққағар жалдауына тура келген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети