10 желтоқсан 2021 13:06

Олимпиада ойындарына бойкот жариялаудың мәні жоқ - Макрон

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©REUTERS Сурет ©REUTERS

Франция президенті Эммануэль Макрон Франция 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауды жоспарламайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Франция президенті Эммануэль Макрон Франция 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауды жоспарламайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Макрон Олимпиада ойындарына саясатты араластырудың қажеті жоқ екенін, өзі "пайда әкелетін" әрекеттерді құптайтынын атап өтті.

©REUTERS

"Менің ойымша, бұл тақырыпқа саясатты араластырып керек емес. Халықаралық деңгейде не нәрсенің пайдасы болса, соны құптаймын. Түсінікті болу үшін: бойкот жарияладыңыз, спортшыларды жібермейсіз немесе жағдайды пайдалы әрекеттер жасап, өзгертуге тырысасыз", - деп түсіндірді ол. 

Франция президенті Халықаралық Олимпиада комитетімен бірігіп, спортшыларды қорғау хартиясы бойынша жұмыс істейтінін, символдық бойкоттарға қатыспайтынын айтты.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Олимпиаданың ашылуына қатысуға шақыруды қабылдағанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети