1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті14 тамыз 2020, 10:15

Фото: rg.ru Фото: rg.ru

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Елде шілденің соңынан бері COVID-19 вирусын жұқтырудың 100-ден аса дерегі тіркелді.

Өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың 103 дерегі тіркелген. Соңғы рет мұндай жағдай 25 шілдеде болған. Онда 113 адам COVID-19 жұқтырған.

Кейін коронавирус жұқтырғандар саны 56 адамға азайған. COVID-19 жұқтыру дерегінің күрт өсу дерегі шіркеулер мен сауда үйлерінде тіркелген.

Өткен тәулікте елде 18 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олар шетелден келген: 9 адам АҚШ-тан. Қалған 85 дерек ел ішінде болған. Вирус жұқтырғандар Сеулде және Кенгидо орталық провинциясында тіркелген.

Оңтүстік Кореяда жалпы 14 873 адам коронавирус жұқтырған. 13 863 науқас (93,21 пайыз) айығып, 305 адам аурудан көз жұмған (2,05 пайыз).

Премьер-министр Чон Се Гюн Сеул мен оның маңайындағы аудандарда карантин талабын күшейту мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді. Оңтүстік Кореяда маусымда арақашықтықты сақтаудың үш деңгейі енгізілген еді. Қазіргі таңда елде карантиннің бірінші деңгейі сақталып отыр. Күн сайын (14 күн ішінде) 50-100 адам коронавирус жұқтырса, карантин екінші деңгейге дейін күшеюі мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Елордада IT-кеңес құрылды