"Өрт қойған жоқпын!": Кемеровтегі "террорист" Желі қолданушыларына жауап берді

28 Наурыз 2018, 11:38
0
"Өрт қойған жоқпын!": Кемеровтегі "террорист" Желі қолданушыларына жауап берді - © anews.com
© anews.com

Желі қолданушылары Кемеровтегі "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен кейін пайда болған видеоны талқылап жатыр. Видеода қара түсті киім киген жігіттің өрт басталмай тұрып батутқа бір зат қойып жатқаны түсірілген, - деп жазады anews.com.

"Мына жігітке назар аударыңыздаршы - батутқа жақындап, сөмкесінен бірдеңе шығарып жатыр", - делінген Желіде таралып жатқан видеоның сипаттамаларында.

Кейінірек видеоға түсіп қалған жігіт мәлімдеме жасады. Оның есімі Станислав Соболев екені белгілі болды. Ер адам бұл жағдай туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Желіде "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт басталмай тұрып, 5 минут бұрын қара сөмкемен жүрген жігіт түсірілген видео таралып жатыр. Иә, видеодағы жігіт мен. Бірақ мен өрт салушы емеспін. Мен сол сауда орталығының қызметкерімін, сол күні жаттығуға бару үшін сөмкемен келе салғанмын. Батут жаққа достарыммен амандасу үшін кіріп шықтым. Осы іске қатысым бар деген күдіктеріңіз болса, маған жазыңыздар, өтінемін. Өрт кезінде мен де әріптестерім сияқты балаларды құтқарып қалу үшін көмектестім", - деп жазды Станислав Соболев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дегенмен Желі қолданушыларының ашуы мұнымен басылмады.

"Адамдар, өтінемін, осымен тоқтаңыздар! Қолымнан келгенше көмектестім, өрт салған жоқпын. Өрт салушы емеспін!" , - деп жауап беріп жатыр жігіт қалдырылған пікірлерге.

Бірақ жігітті қолдағандар да болды. Видеоның толық нұсқасында жігіттің балалар орталығының қызметкерлерімен амандасып, шығып кеткені көрінеді.

Өрттен кейін із-түссіз жоғалғандар мен қаза тапқандардың тізімін мына жерден көре аласыздар.

Айта кетейік, Кемеровтің орталық алаңында әлі де жаппай митинг жалғасып жатыр. "Кемеровте митинг. 4 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Жиналғандардың ішінде "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары", - деп жазған еді осыған дейін БАҚ өкілдері.

Сондай-ақ, митинг кезінде Кемеров облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев қайғылы жағдай үшін тұрғындардан тізерлеп тұрып кешірім сұраған болатын.

Осыған дейін Кемеровтегі "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың 41-і балалар екені хабарланған еді. Ресми мәліметтерге қарағанда, 25 наурызда болған төтенше жағдайдан барлығы 64 адам қаза болды.

Ресей президенті Владимир Путин де қазіргі уақытта Кемеровте. Осыған дейін Ресей президенті Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірген болатын.

"Бізде не болып жатыр, бұл әскери қақтығыс емес, кен орнындағы метанның шығып кетуі емес қой. Адамдар демалуға келді, балалар. Демография туралы айтып, осынша адамды неге жоғалтып отырмыз? Бұл қылмыстық салғырттықтан, бос белбеуліктен болды", - деген еді Путин өрт салдарын жоюға арналған Кемеровтегі жиын барысында.

Cондай-ақ, осыған дейін ауруханаларда төтенше жағдайдан зардап шеккен 13 адамның жатқаны айтылған болатын. Кейіннен тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген.

Кемеровте өртенген сауда орталығының суреттері

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай