1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

"Өте қорқынышты". Коронавирус жұқтырған әйел жанайқайын жеткізді

Фото: Facebook Фото: Facebook

Коронавирус індетін жұқтырған Ұлыбритания тұрғыны Тара Джейн Лэнгстон Facebook желісі арқылы жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

39 жастағы Лэнгстон 13 наурызда ауруханаға жатқызылыпты. Интенсивті терапия бөліміндегі науқас қалай ауырғанын айтып берген. Ол мұны видеоға жазған.

"Маған қараңыздаршы, мен жансақтау бөлімінде жатырмын. Түтікшесіз демала алмаймын. Маған катетерлар қосылған. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Егер сіз темекі шексеңіз, бұл әдетіңізді қазір тастаңыз. Себебі, сізге өкпе керек. Өтініп сұраймын, сақтық шараларын барынша қолға алыңыз. Бұл – ащы шындық. Сіз менің орнымда болуыңыз мүмкін", - дейді ол.

Сондай-ақ, Тара Джейн Лэнгстон басылымға берген сұқбатында әрең демалып жатқанын айтқан.

"Өкпемде шынының сынықтары бар сияқты. Түсіндіру қиын. Әрбір дем үшін күресуге тура келеді. Бұл – өте қорқынышты. Өмірімде қайта басымнан мұны өткізгім келмейді", - дейді ұлыбританиялық әйел.

Сонымен қатар, ол ауруханаға жатпас бұрын өзін әлсіз сезінгенін жеткізді. Науқастың айтуынша, алдымен дәрігерлер оның өкпесінде инфекция болуы мүмкін деп болжам жасаған. Дәрігерлер оған антибиотиктер, ибупрофен мен парацетамол ішуге кеңес беріпті.

"Мен күніне ибупрофеннің 8 таблеткасын іштім. Енді дәрігерлер осы дәрі ауруды асқындырып жібергенін айтады", - дейді ол.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жетті. Нұр-Сұлтанда - 31, Алматыда - 25, Қарағандыда - 2, Алматы обласы - 1, Ақтөбе областы - 1.

Доллар қымбаттап жатыр
Доллар арзандады