13 мамыр 2022 08:53

"Өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар". Ресейдің экс-президенті ядролық соғыс қаупі барын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Батыс елдеріне Украинаға қару жіберу Ресей мен НАТО-ның толыққанды ядролық соғысқа айналу қаупі бар тікелей қақтығысына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Ресейдің экс-президенті өзінің телеграм-каналында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"НАТО елдерінің Украинаны қару-жарақпен қамту, оның әскерін Батыс техникасын қолдануға дайындау, жалдамалыларды жіберу және біздің шекараларымызда альянс елдерінің жаттығуларын өткізу НАТО-ның Ресеймен тікелей және ашық қақтығысының ықтималдығын арттырады", - деді Медведев.

"Мұндай қақтығыстың әрқашан толыққанды ядролық соғысқа көшу қаупі бар. Бұл адамзатқа қауіпті сценарий болады", - деп қосты ол.

Медведев Батыс елдеріне "өзін де, басқаларды да алдамауға" кеңес берді.

"Сіздер өз әрекеттеріңіздің ықтимал салдары туралы ойлануларыңыз керек. Русофобияның пароксизмдерінде өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар", - деп жазды Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары.

Дмитрий Медведев. © Reuters

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Медведевтің мәлімдемесіне түсініктеме берді:

"Ресей мен НАТО-ның тікелей қақтығысынан бәрі де аулақ болғысы келеді. Ресей де. НАТО-да бұл туралы бірнеше рет мәлімдемелер жасалды, менің ойымша, ең бастысы Вашингтонда", - деді Песков.

Ол егер қандай да бір тарап Украинадағы "арнайы әскери операцияға" араласуға тырысса, Ресей "табанды жауап беруге дайын" екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети