03 шілде 2018 16:48

Өзбекстанда балалар үйінен дау шықты: Азғындық жасау дерегі тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: kherson.net.ua Иллюстрациялық сурет: kherson.net.ua

Өзбекстан Бас прокуратурасы Маргиландағы балалар үйінен ақша жымқыру мен тәрбиеленушілерге қатысты зорлық жасау туралы іс бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Nuz.uz. Ферғана облысы бойынша прокурордың көмекшісі Анвар Назаров тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді. 


Өзбекстан Бас прокуратурасы Маргиландағы балалар үйінен ақша жымқыру мен тәрбиеленушілерге қатысты зорлық жасау туралы іс бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Nuz.uz. Ферғана облысы бойынша прокурордың көмекшісі Анвар Назаров тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді. 

Оның сөзінше, бұл оқиғаға қатысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабының 3-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ол ел астанасында Бас прокуратура ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді. Қазір тергеу жүргізіліп жатқаны және іс материалы толық ашылмаған күйінде Ферғана облыстық қылмыстық істер бойынша сотына берілгені хабарланды. 

Зорлықтан зардап шеккен балаларды қорғау мақсатында сот отырыстары жабық түрде өтеді. 

Мекеменің директоры мен бухгалтері аса ірі көлемде ақша жымқырды, қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Маргилан мейірімділік үйінің әкімшілігіне қатысты 109-бап (жеңіл түрде қасақана жарақат салу), 115-бап (әйелдерді түсік тастауға мәжбүрлеу), 127-бап (кәмелетке толмағандарды әлеуметке қарсы әрекетке тарту), 128-бап (он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу), 129-бап (он алты жасқа толмаған тұлғаға қатыцсты азғындық жасау) бойынша қылмыстық істер қозғалған. 

Дегенмен журналистермен кездесу кезінде Анвар Назаров балалар үйіне қатысты істі БАҚ өкілдері асыра айтқанын атап өтті.Бір қуаныштысы интернетте жарияланғанның кейбірі жалған", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети