03 мамыр 2023 10:42

Өзбекстанда Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша беріледі?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан Президентінің Жарлығына сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыстың әрбір қатысушысына 18 миллион сом (724 мың теңгеден астам) мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.


Өзбекстан Президентінің Жарлығына сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыстың әрбір қатысушысына 18 миллион сом (724 мың теңгеден астам) мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Құжатта 9 мамыр - жалпыхалықтық мереке ретінде кеңінен тойланатыны, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ата-бабаларды еске алу, ардагерлерді құрметтеу, сондай-ақ фашизмді жеңудің 78 жылдығына байланысты соғысқа қатысушылар мен мүгедектерді материалдық көтермелеу мақсатында сыйақы төленетіні атап өтілген.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне ақшалай наградаларды салтанатты, мерекелік жағдайда тапсыруды қамтамасыз ету тапсырылғаны айтылған.

Айта кетейік, Өзбекстанда 2017 жылы соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге берілетін сыйақы сомасы 2 миллион сомды (80 мың теңгеден астам), 2018 жылы - 5 миллион сомды (200 мың теңгеден астам), 2019 жылы - 7,5 миллион сомды (280 мың теңгеден астам), 2020 жылы - 10 миллион сомды (400 мың теңгеден астам), 2021 жылы - 12 миллион сомды (480 мың теңгеден астам), 2022 жылы - 15 миллион сомды (595 мың теңгеден астам) құрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети