02 қараша 2021 16:53

Өзімізге қабір қазып жатырмыз - БҰҰ басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем көшбасшылары мен жұртшылықты табиғатқа әжетхана тәрізді қарауды тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.


БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем көшбасшылары мен жұртшылықты табиғатқа әжетхана тәрізді қарауды тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Глазгодағы БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясының ашылуында БҰҰ басшысы бүгінде адамзат алдында "қатаң таңдау" тұрғанын айтты: не бұл процесс тоқтайды, не дағдарыс планетадағы тіршілікті тоқтатады.

"Биологиялық әртүрлілікке зиян келтіруді тоқтату керек, көміртегі шығарындылары арқылы өзімізге зиян келтіруді тоқтату керек, табиғатқа әжетхана тәрізді қарауды тоқтату керек, өртеуді, бұрғылауды және қазуды тоқтату керек. Өзімізге қабір қазып жатырмыз", - деп ескертті Гутерриш.

Ол планета көз алдымызда өзгеріп жатқанын айтты. Оның айтуынша, теңіз деңгейі 30 жыл бұрынғыдан екі есе жылдам көтеріліп, мұхиттардағы мұз еріп, Амазонканың кейбір бөліктерінде тропикалық ормандар көбірек көміртек шығарып жатыр.

"Егер климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл туралы соңғы мәлімдемелерге құлақ ассаңыз, жағдай өзгеру жолында тұрғандай көрінуі мүмкін. Бұл - елес", - деді БҰҰ Бас хатшысы.

Ол климаттың өзгеруіне төзімді экономикаға қаражат салуға шақырды. Гутерриш мұндай инвестициялар тұрақты өсуге, жұмыс орындарын құруға және жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына ықпал ететініне сенімді.

Париж келісімі бойынша бекітілген тетіктерден басқа, БҰҰ басшысы мемлекеттік емес субъектілердің таза нөлдік шығарындыларына қолжеткізу бойынша міндеттемелерді бағалаудың нақты стандарттарын белгілеу бойынша жұмыс істейтін сарапшылар тобын құру туралы шешім қабылдады.

БҰҰ басшысы өз сөзінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети