1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Пандемия 2022 жылға да жалғасуы мүмкін - ДДСҰ 21 қазан 2021, 11:32

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия 2022 жылға да жалғасуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News First
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия 2022 жылға да жалғасуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News First басылымына сілтеме жасап.

ДДСҰ бас директорының аға кеңесшісі Брюс Эйлвард коронавирус пандемиясы 2022 жылы жалғасуы мүмкін екенін айтты, өйткені әлемдегі кедей елдерге вакцина жетпей жатыр. ДДСҰ өкілі дамыған елдер ең кедей аймақтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін орындамайтынын айтты.

"Жеңе алмайтынымызды сенімді түрде айта аламын. Жеделдетуіміз керек, әйтпесе не болатынын білесіз бе? Пандемия аяқталуы керек уақыттан созылып кетеді", - деп түсіндірді Эйлвард.

Сарапшының айтуынша, егер әлемнің көптеген елдерінде тұрғындардың 40 пайызға жуығы немесе одан да көбі вакцина алса, Африкада қазір халықтың 5 пайыздан азы ғана коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

Сондықтан, ол бай елдерді фармацевтикалық компаниялар табысы төмен елдерге басымдық бере алатындай етіп вакцина кезегінен бас тартуға шақырды.

Бұған дейін ДДСҰ әлемдік көшбасшылар мен бай елдерді коронавирусқа қарсы вакцинаға қол жеткізудің "теңсіздігін" тоқтатуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram