08 қаңтар 2015 09:55

Парижде 12 адамның өліміне күдікті екеудің суреті жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Француз БАҚ-тары Париждегі Charlie Hebdo сатира басылымы редакциясына шабуыл жасады деп күдікті болған екі азаматтың суретін жариялады. Оқиға 7 қаңтарда болып, 12 адам қаза тапты. Бұл туралы AFP хабарлайды.


Француз БАҚ-тары Париждегі Charlie Hebdo сатира басылымы редакциясына шабуыл жасады деп күдікті болған екі азаматтың суретін жариялады. Оқиға 7 қаңтарда болып, 12 адам қаза тапты. Бұл туралы AFP хабарлайды.

Бар мәліметке қарағанда, ағайындылар - 32 жастағы Саид пен 34 жастағы Шериф Куаши, мұнымен қатар, 18 жастағы Хамид Мурад лаңкес болып шықты. 

Өткен жылдың жазында ағайынды Куашилер Сирияда содырлардың лагерінде дайындық жасағаннан кейін Францияға оралған.  

Содырлардың лаңкестіктен кейін айдап әкетілген көлікпен белгісіз бағытта із суытқаны белгілі. Бірақ бірнеше сағат өткеннен кейін француз полициясы күдіктілерді ұстау бойынша екі операцияның басталғанын хабарлады. Олардың бірі Францияның солтүстік-шығысында орналасқан Реймс қаласында (Парижден 150 шақырым қашықтықта) басталды. Екінші операция - Бельгиямен шекаралас жерде орналасқан Шарлевиль-Мезьерде.

Баспасөз құралдары үш жерінде антитеррористік операция өтіп жатқан Реймс қаласында полицияның күдіктілерді тығырыққа тірегенін хабарлады, бірақ Франция ішкі істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Жаңалықтар легінің соңғы ақпаратына сенсек, ең кіші күдікті Шарлевиль-Мезьердегі операция барысында полицияға берілді. Бұл туралы қылмыс тергеуіне байланысы бар дереккөздер хабарлады. Олардың айтуынша, Хамид Мурад өз аты-жөнін әлеуметтік желілерде көргеннен кейін сәрсенбі күні кешкі уақытта берілді. Мұнымен бірге, қалған екі күдіктімен байланысы бар екі адам тәртіп сақшыларының қолына түсті.  

Ал NBC News америкалық телеарнасы Американың лаңкестікке қарсы күрес қызметтерінің өкілдеріне сілтеме бере отырып, Charlie Hebdo қаласындағы операция кезінде күдіктілердің бірі өлтіріліп, екеуі ұсталғанын хабарлады. Лаңкестің нақты қайда өлтірілгені белгісіз қалып отыр.  

Қылмыскерлерді іздеу жайындағы ақпараттар үнемі жаңартылып отырады. 

Франция президенті Франсуа Олланд үшкүндік ұлттық қаралы күн жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети