06 маусым 2017 23:11

Парижде ер адам "Сирия үшін" деп полицейлерге балғамен тап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Charles Platiau © REUTERS/Charles Platiau

Ер адам Парижде Құдай ана соборында полицейлерге балғамен тап берді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ер адам Парижде Құдай ана соборында полицейлерге балғамен тап берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Хабарламаға сәйкес, собор ауданында полицейлер жүргізген операция барысында белгісіз ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасады, полицейлер оған қарсы оқ атты. Шабуыл жасаған адамға оқ тиіп, жедел жәрдем көлігі оны ауруханаға алып кеткен. БАҚ мәліметінше, оның жағдайы ауыр. Полицейлердің бірінің басына балғамен соққы тиген. 

Қазіргі уақытта собор аумағын полицейлер қоршауға алды. Париж соборының ішіне жүздеген адам тығылған. Полицейлер операцияны аяқтамайынша, олар сыртқа шыға алмайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын осы аумаққа жоламауға кеңес берді. 

Сонымен қатар, БАҚ мәліметінше, шабуылдаған адам 40 жастағы студент Алжир тумасы екен. Ер адам Франция астанасының солтүстігіндегі Валь-д'Уаз департаментінде тұрады екен. Франция ІІМ басшысы Жерар Коллон оқиға орнына келген, оның айтуынша, ер адам шабуылдаған кезде "Бұл Сирия үшін" деп айғайлаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети