25 ақпан 2022 15:31

Patreon сайты Украина әскерін қолдау қоры парақшасын өшірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Patreon қайырымдылық платформасы "Вернись живым" украин қоғамдық ұйымының парақшасын өшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Patreon қайырымдылық платформасы "Вернись живым" украин қоғамдық ұйымының парақшасын өшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Facebook-парақшасында Донбасстағы украин сарбаздарға көмектесетін қор тобы мәлімдеді.

"Patreon қор парақшасын жойды. Ескерту жасамастан. Украина үшін өте қиын уақытта. Ресми өтініштер дайындап жатырмыз. Парақшамызды бұғаттау дерегі туралы ақпаратты таратуға шақырамыз. 250 мың доллардан астам ақша қайда кеткені/бұғатталғаны белгісіз", - деді қор өкілдері.

Қор директоры Тарас Чмут 23 ақпанда, бір тәулік ішінде көпшілік "Вернись живым" қорына Украина Қарулы күштерін қолдауға 673 мың доллардан (шамамен 314 миллион теңге) астам қаражат аударғанын атап өтті. Бұл сома қордың 2021 жылғы жылдық қолдауынан асып түседі.

Patreon парақшаны өшіру себептеріне қатысты пікір білдіріп, платформада жиналған қаражатты әскери техника сатып алуға жұмсамау керек екенін айтты.

"Халықтың Украинадағы гуманитарлық қызметті қолдауға деген ұмтылысын түсінеміз. Patreon платформада жиналған қаражатты зорлық-зомбылықты қолдау немесе әскери техниканы сатып алу үшін пайдалануға рұқсат бермейді. Тергеу кезінде науқанды тоқтаттық. Егер тергеуден кейін парақша жойылса, қаражатты парақшаны құрушыға жібереміз немесе барлық міндеттемені қайтарамыз", - деп түсіндірді платформа өкілдері.

"Вернись живым" - украин қоғамдық ұйымы. Ол украин сарбаздарға краудфандинг негізінде Донбасстағы соғыста көмектеседі. Бұл осы салада жұмыс істейтін ең ірі ұйымдардың бірі және техникалық қолдауға мамандандырылған, әсіресе термографиялық камералар мен түнгі көру құралдары. Сонымен қатар, ол білім беру, медицина, психология және басқа да жобаларды жүзеге асырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети