1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Перудің уақытша президенті елдегі жаппай наразылықтан кейін отставкаға кетті 16 қараша 2020, 12:46

Перудің уақытша президенті Мануэль Мерино ант қабылдағаннан кейін бес күн өткен соң отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды teleSUR.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© Reuters © Reuters

Перудің уақытша президенті Мануэль Мерино ант қабылдағаннан кейін бес күн өткен соң отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды teleSUR.

2021 жылдың сәуіріне жоспарланған президент сайлауына дейін президенттің міндетін атқарушы Мартин Вискарреге импичмент жарияланғаннан кейін оның орнына Мануэль Мерино келген болатын. Алайда уақытша басшы мен үкіметке қарсы бірнеше қалада наразылық шарасы өтіп, жүздеген адам жарақат алған. Перу астанасы Лимада полициямен қақтығыс кезінде үш адам қаза тапқаны хабарланды. 

Сондай-ақ, митинг кезінде ішкі істер, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, әділет, экономика, даму және әлеуметтік интеграция, мәдениет, қорғаныс, ішкі сауда, энергетика және шахта, тұрғын үй құрылысы және білім министрлері өз өкілеттігін тоқтатты. Сол күні, 15 қарашада Конгресс Мериноны отставкаға кетуге шақырған. 

Елдің ұлттық телеарнасы арқылы таратылған үндеуде Мануэль Мерино саяси жүйені құрметтейтінін және елдегі жағдай азаматтардың игілігі үшін шешіледі деп үміттенетінін айтты. 

"Мен бүкіл ел менің президент қызметімнен кеткенін білгенін қалаймын. Мен Перу тұрғындарын бейбітшілік пен бірлікке шақырамын", - деп мәлімдеді ол.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram