13 қазан 2021 10:24

Польшада ауа граффити арқылы тазартылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Robert Sawicki Robert Sawicki

Польша қалаларында ауа түтін мен зиянды қалдықтардан өнер туындысы арқылы тазартылады. Суретшілер қасбеттерге ластануды сіңіретін бояу пайдаланып, граффити салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru. сайтына сілтеме жасап.


Польша қалаларында ауа түтін мен зиянды қалдықтардан өнер туындысы арқылы тазартылады. Суретшілер қасбеттерге ластануды сіңіретін бояу пайдаланып, граффити салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru. сайтына сілтеме жасап.

Қазанның басында Польшаның солтүстігіндегі Быдгощ қаласындағы көпқабатты ғимараттың қабырғасында 374 шаршы метрлік экосурет салынған. Ол минералды фотокаталитикалық бояу арқылы жасалған, жарық әсерінен органикалық заттарды жойып, ауаны тазартады.

Жергілікті әкімшілік сайтында бір шаршы метр сурет 0,44 грамм азот оксидін - көліктер, зауыттар мен электр станциялары шығаратын улы затты сіңіре алатыны айтылған. Сарапшылардың пікірінше, граффити қалада отырғызу қиындық тудыратын 374 ағаш сияқты ауаны зиян заттардан қорғай алады.

2020 жылы Варшава мен Бельско-Бяльде экологиялық суреттер салынды, ал 2021 жылы Катовице мен Забже дәл осы үлгіні қайталады. Мұндай бастамалар Еуропаның басқа қалаларында да, одан тыс жерлерде де танымал болды. Граффити - халқы тығыз орналасқан жерлерде лас ауаны тазартудың өте тиімді тәсілі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауаның ластануы ауру мен мезгілсіз өлімнің басты себептерінің бірі екенін айтты. Статистикаға сәйкес, ауаның ластануы жыл сайын бүкіл әлемде жеті миллион адамның өліміне себеп болады. Балаларда тыныс жолдары инфекциясы және астма диагноздары жиі кездеседі, ал ересектер жүрек ишемиялық ауруы мен инсульттан, қант диабетінен зардап шегеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети