10 желтоқсан 2015 10:31

Путин Ердоғаннан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мk-london.co.uk © Мk-london.co.uk

Ресей Президенті Владимир Путин Реджеп Тайып Ердоғаннан ресейлік ұшақтың Түркия әуе кеңістігін бұзғаны үшін кешірім сұраған. Бұл қазан айында - Түркия қарулы күштері ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргенге дейін екі ай бұрын болған. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Италияның ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Министрдің айтуынша, 3 қазанда ресейлік ұшақ бірнеше секунд бойы Түркияның әуе кеңістігінде болған. Анкара осыған байланысты наразылық көрсетті. Осыдан кейін Путин Ердоғанмен сөйлескен.

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік Су-24 екені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети