10 шілде 2019 11:08

Путин грузин журналисіне жауап берді

© apsny.ge © apsny.ge

Ресей президенті Владимир Путин "Рустави-2" грузин телеарнасының эфирінде тележүргізуші Георгия Габунидің президентке қатысты айтқан былапыт сөздеріне жауап берді, - деп хабарлайды "Россия-24".


Ресей президенті Владимир Путин "Рустави-2" грузин телеарнасының эфирінде тележүргізуші Георгия Габунидің президентке қатысты айтқан былапыт сөздеріне жауап берді, - деп хабарлайды "Россия-24".

Ресей басшысының тележүргізушіге қатқан қысқаша жауабы: "Ондай адамдарға тіпті көңіл бөліп, қылмыстық іс қозғаудың өзі артық, одан да ары қарай хабарламаларын жасай берсін".

"Біреу өзін әлдеқандай етіп көрсетіп, ойындағысын айта салады. Оны бұрын ешкім білмейтін, ал осындай әрекеттерінен кейін оны барлығы талқыға салады және де оның ойындағысы да осы болды. Қызметінен 2 айдай уақытқа босатылар, бірақ ол сол уақытта демалысқа барып келеді, ал келгесін жұмысын қайта жалғастырады", - деді Путин.

Ресей президенті өз кезегінде Грузияға экономикалық шектеулер қою идеясын қолдамады. 9 шілде, яғни сейсенбі күні Мемлекеттік Дума Грузияға шарап, су және ақша аударымдарына тыйым салуды ұсынған.

"Грузияға қатысты санкцияларға келетін болсақ, мен оны грузин халқына деген құрметімнің белгісі ретінде істемеймін", - деп мәлімдеді Ресей президенті.

Путин грузин елінде тележурналистің әрекетіне қарсы келген адамдардың да бар екенін айтып өтті: "Сол адамдар үшін, Ресей мен Грузияның достық қарым-қатынастарын сақтап қалу мақсатында арамызды алшақтата түсетін іс-әрекеттер жасамаймын".

"Ештеңеден хабары жоқ, хабары болса да оны елемейтін адамдар антиресейлік көзқарасқа ықпал етіп, ақыр соңында Грузия мен грузин халқына оңайлмайтын зиян тигізіп жатады. Ал қалғаны - содан туатын әрекеттер: ұрсысу да, қорлау да. Сондықтан арам ниетті адамдардың әрекетіне аса мән бермей, бұндай мәселені тереңінен ойластырып қарау керек", - деді көрші ел президенті.

Сонымен қатар, Ресей басшысы Грузияның Абхазия мен Оңтүстік Осетиямен қарым-қатынасын, Грузияның аумақтық тұтастығы мәселесіне қатысты өзінің көзқарасын білдірді.

"Қараңыз, егер жаңылыспасам, Осетия Ресей империясының құрамына 1774 жылы кірді. Тұтастай кірді: оңтүстігі және солтүстік бөлігі дербес мемлекет ретінде енді. Абхазия да 1810 жылы тәуелсіз, князьдық ретінде қосылды. Осетияның оңтүстік бөлігі Тифлис губерниясының құрамына енді. Ешқандай да Грузия болған жоқ, ол Тифлисс губерниясы болды", - деді Путин.

"Ал Абхазияға келетін болсақ, Кремльдің басшысы ретінде Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ресей империясы құлаған кезде, Грузия неміс әскерінің көмегімен жаулап алды: "Басқыншылар өздерін өте қатыгез ұстады. 1919 және 1920 жылдары грузин әскерлері Осетияда одан да ауыр әрекет етті. Шындығында, бұл дәл бүгінгі таңда болып жатқан генодципен бірдей", - деді ол.

Путин Грузиядағы соңғы оқиғаларды тарихты білмейтін және елдегі анти-орыс және антиресейлік көңіл-күйді туғызатын белгілі бір күштердің әрекеттерінің нәтижесі деп санайтынын айтты.

Грузияға санкциялар енгізу туралы қарсы пікірін Грузия билігі де құптады. "Әрине, бұл шешім оңтайлы және біз құптаймыз, менің жеке ұстанымым - халықтар арасындағы ешқандай кедергі болмауы керек", - деді премьер-министр Мамука Бахтадзе.

"Ресей президентінің шешімі - сөзсіз дұрыс шешім. Бұл шешім біздің тарапымыздан тек қана құпталады", - деді Грузия сыртқы істер министрі Давид Залькаляни

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети