1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Путин өзін адам өлтіруші деп санай ма? 12 маусым 2021, 17:07

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу алдында NBC News телеарнасына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Сурет: Кремль сайтынан Сурет: Кремль сайтынан

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу алдында NBC News телеарнасына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме барысында NBC тілшісі Кейр Симмонс Путиннен "Сіз адам өлтірушісіз бе?" деп сұрады. Ол Байденнің ABC журналисіне берген сұхбатындағы Ресей президенті туралы жауабын еске салды. 

Бұған жауап ретінде Путин күліп, былай деді: "Мен қызмет еткен уақыт аралығында барлық жақтан түрлі сылтау, себеп, түрлі калибрлі шабуылдармен және қатыгездікпен жасалған шабуылдарға үйреніп қалғанмын, мұның ешқайсы мені таңғалдырмайды. Ал қатаң риторикаға келер болсақ, менің ойымша, бұл АҚШ-тың жалпы мәдениетінің көрінісі", - деді Путин.

Ол мұндай айыптауларды, әсіресе Солтүстік Кавказдағы терроризмге қарсы күреске байланысты ауыр оқиғалар кезінде естігенін айтты. Путин әрқашан халық мүддесі үшін әрекет еткенін және оны әртүрлі айыптаулар мазаламайтынын атап өтті.

Журналист Путиннің президенттігі кезінде қайтыс болған бірнеше адамды атады: Анна Политковская, Сергей Магнитский, Александр Литвиненко, Борис Немцов, Михаил Лесин. Симмонс бұл кездейсоқтық па деп сұрады.

"Дөрекі болып көрінгім келмейді, бірақ бұл асқазан жұмысының бұзылуы сияқты, сөздің бұзылуы. Сіз әр түрлі себептермен, әртүрлі адамдардың кінәсінен әртүрлі уақытта шынымен зардап шеккен және қайтыс болған адамдар туралы айттыңыз. (...) Біз мұны жасаған қылмыскерлерді таптық, олардың кейбіреуі түрмеде отыр және біз осы бағытта жұмыс істеуге дайынбыз", - деп жауап берді Путин.

Телеарна Ресей басшысының толық 90 минуттық сұхбатын 14 маусымда көрсетуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, Путин мен Байденнің кездесуі 16 маусымда әйгілі Ла Гранж вилласында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!