21 қаңтар 2021 09:23

"Путиннің сарайы" фильміне қатысты тергеудің мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Путиннің сарайы" фильмінен алынған кадр "Путиннің сарайы" фильмінен алынған кадр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының қызметкері Георгий Альбуров "Дождь" телеарнасына берген сұхбатында Краснодар өлкесі Қара теңіздегі "Путин сарайына" қатысты жүріп жатқан тергеудің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының қызметкері Георгий Альбуров "Дождь" телеарнасына берген сұхбатында Краснодар өлкесі Қара теңіздегі "Путин сарайына" қатысты жүріп жатқан тергеудің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Альбуровтың айтуынша, Путиннің сарайы туралы әңгіменің толық мән-жайы белгілі болды.

"Біз бұл сарайды кім қаржыландыратынын білдік, ондағы барлық нәрсені әр шаршы метрге дейін анықтадық, ал ең бастысы - біз бұл туралы көптеген адамға айта алдық. Дәлелдер базасын жинадық, куәгерлермен, сол нысандағы дереккөздермен сөйлестік. Бұл үлкен жұмыс, және ең бастысы, ол бізде сәтті өтті. Біз, әрине, бұл Путиннің сарайы екенін дәлелдедік және бәріне Путиннің қалай өмір сүретіні туралы, оның дәретханаға арналған щеткасы туралы да айттық. Оның бағасы мың еуродан асады екен. Бұл туралы бәрі білуі керек", - деді Альбуров.

"Ең басты айтқым келетіні бұл тергеуде - біз Путин осы сарайға құйған 100 миллиард рубльді өртеп жібердік. (...) Путин енді ол жақта тұрудан бас тартады, миллиондаған адам сенің қай бөлмеде ұйықтайтыныңды, резеткісі қай жерде тұратынын білген сен ол жер қауіпсіз бола бермейді,"- деді Албуров.

"Лохотрон" - Песков Навальный түсірген "Путиннің сарайы" фильмі туралы
 

Оның айтуынша, Навальный тергеу изоляторына бара жатқанда ештеңеден қорқудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Біз шындықты айтамыз, біз өтірік айтпаймыз, шын мәнінде не болып жатқанын айтамыз. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, Путин бізден қорықсын. Ол туралы тергеу жасай алатынымызды біліп, қорықсын және біз ондай тергеулерді әлі де жүргіземіз,- деді ол.

Айта кетейік, "Дворец для Путина" фильмі 21,6 миллион рет қаралған. Фильмге 400 мыңнан аса пікір жазылып, Путиннің жақтастары да, Навальныйдың жақтастары да пікір білдірген. Біреулер тіпті әзілдепті. "Путиннің әжетханасындағы орындық пәтеріңнен қымбат болғанда", "Окей, Гугл: Путиннің туысқаны болудың жолы бар ма?" депті қолданушылар.

Журналистер "Путин сарайына" кірген адамды тапты

Еске салайық, мұның алдында Кремль де Навальный түсірген "Путиннің сарайы" туралы фильміне қатысты пікір білдірген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети