08 қыркүйек 2020 09:31

Рамзан Қадыров жиеніне дүркіретіп той жасап берді

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © vk.com/ramzan Фото: © vk.com/ramzan

Өткен аптада Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың 24 жастағы жиені, "Ахмат" футбол клубының ойыншысы Абубакар Қадыров үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өткен аптада Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың 24 жастағы жиені, "Ахмат" футбол клубының ойыншысы Абубакар Қадыров үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы жиенін құттықтап, тойдың видеосын "ВКонтакте" желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

"Біз үйлену тойын дүркіретіп жасадық, республиканың түкпір-түкпірінен көптеген қонақ келді. Абубакар мен әйелі Вазираева Ирсаны өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтаймын! Оларға ұзақ өмір, шексіз бақыт пен амандық тілеймін", - делінген құттықтауда.

Үйлену тойы отбасы мүшелерінің біріне тиесілі зәулім үйде өткен. Қадыров күйеу жігітке папаха мен бурка сыйлады. Жас жұбайлар атқа отырды. Мылтықтан ату дәстүрі де болды.

Сондай-ақ, оларға тікұшақтан ақ және қызыл раушан күлтелері шашылды.

Жас жұбайлар банкет залында ақ кілеммен жүрді. Абубакар классикалық костюм, қалыңдық алтын кестемен безендірілген ұлттық көйлек киді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети