07 мамыр 2020 15:46

Ресей COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша бесінші орынға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ресей дүние жүзі елдері арасында коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бесінші орынға шықты, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Ресей дүние жүзі елдері арасында коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бесінші орынға шықты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

7 мамырдағы мәлімет бойынша, Ресейде барлығы 177 260 науқас анықталған. Осылайша Ресей Германияны (168 мың адам), Францияны (174 мың адам) басып озған. Бірінші орында АҚШ (1,2 миллион адам), Испания (220,3 мың адам), Италия (214,4 мың адам) және Ұлыбритания (202,3 мың адам). 

Ресесй бойынша, алдыңғы тәулікте тағы 11 мың адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар, 2476 адам аурудан айығып, 88 адам қайтыс болған. Аурудан айығып шыққандарың жалпы саны - 23 803 адам, ел бойынша 1625 адам қайтыс болған.  

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 7 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 3,7 миллионнан асқан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети