05 ақпан 2021 21:45

Ресей ГФР, Польша және Швеция дипломаттарын елден шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресей ГФР, Польша және Швеция дипломаттарын Алексей Навальныйды қолдау акциясына қатысты деген себеппен нон грата деп жариялады. Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлады.


Ресей ГФР, Польша және Швеция дипломаттарын Алексей Навальныйды қолдау акциясына қатысты деген себеппен нон грата деп жариялады. Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлады.

Ресей СІМ хабарына қарағанда, Швеция елшісі, Польша уақытша өкілі және Германия елшілігінің елшісі шақыртылып, оларға 23 қаңтардағы акцияларға "дипломатиялық қызметкерлердің тіркелген қатысуына" байланысты наразылық айтылған.

"Ресейлік тарап алдағы уақытта Швеция Корольдігінің, Польша Республикасының және Германия Федеративтік Республикасының дипломатиялық миссиялары мен персоналы халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтауын күтеді", - делінген СІМ хабарламасында.

Сөйтсе, бұған жауап ретінде Польша СІМ өкілдері ресейлік елшіні шақыртып, оны елден шығару туралы ниеті барын ескерткен.

Мұның алдында Ресей СІМ өкілі Мария Захарова 23 қаңтарда швед дипломаты Санкт-Петербургтегі Невский даңғылында болған заңсыз акцияға қатысқанын айтқан. Швеция елшілігі өкілдері қызметкер наразылықты бақылап қана жүргенін және "бұл қалыпты дипломатиялық процедура" екенін мәлімдеді.

EU Observer порталының мәліметінше, дипмиссия қызметкерлерін еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың баспасөз мәслихаты кезінде елден шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети