23 қаңтар 2021 15:11

Ресей қалаларында Навальныйды қолдау акциясына шыққандар ұсталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабаровскідегі Навальныйды қолдау акциясы кезінде Хабаровскідегі Навальныйды қолдау акциясы кезінде

Ресейде Алексей Навальныйды және басқа да саяси тұтқындарды қолдау акциялары болып жатыр. Наразылық шаралары Германиядан Отанына емделіп келген оппозиционердің тұтқындалуына байланысты басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle неміс сайтының орыс тіліндегі нұсқасына сілтеме жасап.


Ресейде Алексей Навальныйды және басқа да саяси тұтқындарды қолдау акциялары болып жатыр. Наразылық шаралары Германиядан Отанына емделіп келген оппозиционердің тұтқындалуына байланысты басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle неміс сайтының орыс тіліндегі нұсқасына сілтеме жасап.

23 қаңтарда таңертең Ресей қалаларында мыңдаған тұрғын көшеге шықты. Олар қамауға алынған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды және басқа да саяси тұтқындарды қолдау үшін наразылық шараларын өткізді.

Хабаровскіде таңғы сағат 8.30-да Ленин алаңындағы митингіге 700-ге жуық адам жиналды. Олар Ресей президенті Владимир Путиннің бірнеше суретін алаңға шашырып, шашып тастады. Кейін мегафондары бар полицейлер қатысушыларға Хабаровскідегі акция алдын ала билікпен келісілмегенін және оны таратуды талап етті.

Ерекше мақсаттағы милиция жасағы алдымен жиналғандарды алаңнан шығаруға тырысты. Кейін сағат 9.30-ға қарай наразылық білдірушілерді жеке-жеке ұстай бастады. Ал айналасындағы адамдар оларға "Фашистер!" деп айғайлады.

"Навальныйдың жергілікті штабы олардың тікелей эфирін 10 мың адам қарап отырғанын айтты. Белсенділердің айтуынша, мұндай жағдай қамауға алынған экс-губернатор Сергей Фургалды қолдау үшін жазда ұйымдастырылған митингілерден бері болған жоқ", - деп жазылған басылымда.

Осыдан кейін Ленин алаңындағы акция жаппай шеруге ұласты. Хабаровскідегі жүздеген адам көрші алаңға кетті, бірақ қарулы күштер оларды сол жерден қуып жіберді.

Оппозицияның жергілікті штабының хабарлауынша, ұсталғандардың арасында екінші топтағы мүгедек әйел болған. Наразылық білдірушіні ұрып-соғу дерегі туралы да айтылды. Сонымен қатар, полиция Хабаровскінің заң шығарушы думасының депутаты Максим Кукушкинді де ұстап әкеткен. 

Владивостокта да акцияға қатысушылардың жаппай ұсталғаны туралы хабарланды.

Ал Мәскеуде наразылық шарасына бірнеше сағат қалғанда Пушкин алаңы толығымен қоршалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети