10 тамыз 2014 00:20

Ресей мен Ұлыбритания СІМ басшылары Украина ахуалын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Лавров. ©РИА Новости Сергей Лавров. ©РИА Новости

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ұлыбританиялық әріптесі Филип Хэммондпен бірге Украинадағы ахуалды талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости. Лавров Киев билігінің Женева мәлімдемесі талаптарын орындауының маңызды екенін атап өтті.


Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ұлыбританиялық әріптесі Филип Хэммондпен бірге Украинадағы ахуалды талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости. Лавров Киев билігінің Женева мәлімдемесі талаптарын орындауының маңызды екенін атап өтті.

Сыртқы саясат ведомстволары басшылары Украинаның жанжал ауданындағы гуманитарлық жағдайға назар аударды. Лавров Хэммондке Ресей тарапының Украинаның оңтүстік-шығысындағы зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуге күш салып отырғанын айтты. Бұл мәселеде Ресей халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасқа ашық.

"Киев билігінің биылғы 17 сәуірдегі Женева мәлімдемесі шарттарын жылдам әрі сөзсіз орындауының маңызды екені аталып өтті", - делінген Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Ресей Сыртқы істер министрі сонымен бірге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы әңгімелесті. Лавров Украинаның оңтүстік-шығысына қауіп төндіріп тұрған гуманитарлық апаттың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Әңгіме барысында Киевтің күш қолдану операцияларын үдетуі халықаралық келісімдерге қайшы екені және бейбіт халық арасында көптеген адамның, оның ішінде, балалардың құрбан болуына, сондай-ақ өмірлік маңызды инфрақұрылымдардың бұзылуына соқтыратыны айтылды.

"Министр Украинаның оңтүстік-шығысында бейінді халықаралық құрылымдармен бірге гуманитарлық миссияны үйлестіріп отырған Ресейдің бастамасын қолдауға шақырды. Джон Керри Киев билігінің мұндай жұмыстарды жүргізіп жатқанын айтты", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети